Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ — ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ

Сыбайлас жемқорлық кез келген мемлекеттің дамуына кері әсер ететін, қоғамның сеніміне сызат түсіретін және әділдік қағидаттарын әлсірететін қауіпті әлеуметтік құбылыс. Ол экономикалық өсімді тежеп қана қоймай, халық пен мемлекеттік институттардың арасындағы сенімді азайтады. Сондықтан, бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу ғана емес, ең алдымен оған мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру  мемлекет пен қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі болып отыр.
Осы орайда, Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы №927 «Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне берілді.
Өз кезегінде, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында өткізіп отырған шараларға (семинар, кездесу және т.б.) облысымыздың мемлекеттік қызметшілерін, кәсіпкерлерін, студенттерін, тіпті мектеп оқушыларын да тартуда.
Өйткені, сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімді болуы тек құқық қорғау органдарының немесе мемлекеттік мекемелердің қызметімен шектелмейді. Ол бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Әрбір азамат жемқорлыққа қарсы ұстанымды өз өмірлік қағидатына айналдырған кезде ғана оң нәтижеге қол жеткізуге болады.
Бұл ретте, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениеті ең алдымен адалдық, әділдік, жауапкершілік секілді құндылықтарды дәріптеуден басталады. Отбасында берілген тәрбие, білім беру ұйымдарындағы құқықтық түсіндіру жұмыстары және қоғамдағы моральдық ұстанымдар адамның жемқорлыққа деген көзқарасын қалыптастырады. Егер жастарға ерте жастан адал еңбек ету, заңды құрметтеу және әділ болу қасиеттері сіңірілсе, болашақта қоғамда парақорлық пен заңсыз әрекеттерге жол берілмейді.
Ал, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдебі мен ашықтығы да қоғамдағы сенімді қалыптастыруда маңызды орын алады. Мемлекеттік қызмет  халыққа қызмет ету қағидатына негізделуі тиіс. Әрбір қызметкер өз міндетіне жауапкершілікпен қарап, заң талаптарын қатаң сақтаған жағдайда ғана мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі артады. Халықпен ашық байланыс орнату, шешім қабылдау үдерістерінің жариялылығы және есептілік қағидаттарының сақталуы жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді.
Осы орайда, әрбір азамат өзінің іс-әрекеті арқылы қоғамның дамуына үлес қосып, адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын берік ұстануы қажет.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Түркістан облысы бойынша
департаментінің бас маманы
Н. Тәжітіллә

Ұқсас жаңалықтар

АСТАНА ПРИНИМАЕТ ОДИН ИЗ КРУПНЕЙШИХ КИБЕРСПОРТИВНЫХ ТУРНИРОВ — PGL ASTANA 2026

admin

Әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған халықпен тікелей жұмыс Түркістан облысында нәтижелі жүзеге асырылуда

admin

РЕФЕРЕНДУМ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АҚСАҚАЛДАРЫ МЕН ЖАСТАРЫ САЯСИ НАУҚАНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА

admin

Пікір жазу