Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

КІТАП – РУХАНИ ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ: ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІНЕ ОРАЙ АУҚЫМДЫ ІС-ШАРА ӨТТІ

Түркістан қаласында Ұлттық кітап күніне орай «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» тақырыбында ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Жиынға Түркістан облысы білім басқармасының басшысы Ғалымжан Орынов қатысып, педагогтерді Ұлттық кітап күнімен құттықтады.

«Бүгін біз жай ғана мерекелік іс-шараға емес, ұлттың рухани өзегіне қатысты маңызды күнге жиналып отырмыз.Ұлттық кітап күннің мәні күнтізбедегі атаулы датамен ғана өлшенбейді. Бұл — халқымыздың ойға, білімге, парасатқа, тәрбиеге және рухани тереңдікке қайта бет бұрғанын білдіретін ерекше күн. Кітап — адамзат баласының ең ұлы жаңалықтарының бірі. Өйткені кітапта тек әріптер ғана емес, ғасырлардың үні,
ұрпақтардың тәжірибесі, халықтың жады,
даналардың аманаты сақталады. Кітап оқыған ұрпақ — ойланатын ұрпақ.
Ойланатын ұрпақ — адаспайтын ұрпақ», — деп атап өтті.

Іс-шара барысында «STEAM+ Кітапхана – болашақ» тақырыбында көрме ұйымдастырылып, кітапхана саласындағы жаңа форматтар мен цифрлық мүмкіндіктер таныстырылды. Көрме аясында облыстың барлық аудан, қалаларынан келген білім бөлімдері балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған тың жобаларын таныстырды. Бұл бастамалар жас ұрпақтың оқу мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді. Сонымен қатар, «Цифрлық кітапхана: жаңа мүмкіндіктер әлемі» тақырыбында бейнероликтер ұсынылды.

Шараның басты мақсаты — білім алушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, балалар әдебиетін кеңінен насихаттау, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және кітапхана қызметін заманауи бағытта дамыту.

Іс-шара барысында «Балалар кітапханасы» жобалары ұсынылып, тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырылды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, кітапхана саласын дамытудағы өзекті мәселелерді талқылады.

Іс-шара соңында саладағы жұмысты жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар қарастырылып, қорытынды жасалды. Сондай-ақ, іс-шараға облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Бақытбек Еркінбек қатысып, қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, әдебиетті насихаттауда белсенділік танытқан аудан/қалалық білім бөлімдерінің оқулықтарға жауапты әдіскерлерін «Алғыс хатпен» марапаттады.

#Оқуғақұштармектеп #Біртұтас_тәрбие #Ұлттықкітапкүні #АдалАзамат

Ұқсас жаңалықтар

ШАРДАРА КӘСІПКТІК КОЛЛЕДЖІ – ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРДЫҢ МАҢЫЗЫН АРТТЫРУ ІСІНДЕ

admin

Мемлекет басшысы Алтын Орда мұрасына арналған тақырыптық көрмемен танысты

admin

САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕДЕ 1 МЫҢҒА ЖУЫҚ БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

admin

Пікір жазу