Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Адам саудасының алдын алу бойынша жиын өтті

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында адам саудасының алдын алу бойынша жиын өтті. Шараның мақсаты халық арасында адам саудасының алдын алу және мәжбүрлі еңбек құрбандарын анықтау бойынша ағарту, ақпараттық іс-шараларды түсіндіру және жүргізу. Адам саудасы құрбандарын, оның ішінде әлеуетті құрбандарды проактивті сәйкестендіру болып табылады.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханұлы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бас маманы – Мемлекеттік еңбек инспекторы Ғалымжан Сапаркулов, Түркістан облысы ПД ҰҚҚКБ аға жедел уәкілі полиция майоры Алмас Бектибаев, сондай-ақ «Сана Сезім» ӘБҚОҚБ заңгері Элина Еникеева және орталық қызметкерлері, аудан тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында Ғалымжан Сапаркулов адам саудасының проблемасы, атап айтқанда мәжбүрлі еңбек, қылмыстық заңнама және адам саудасының құрбандарына көмек көрсетуді көздейтін құқықтық актілер, адам саудасының жалпы белгілері және айналыс үшін байланыстар туралы хабардар ету мәселелері туралы баяндады.
Алмас Бектибаев полиция тарапынан жүргізілетін алдын алу шаралары туралы баяндап, азаматтарды алаяқтардан сақтандыру үшін қатаң шаралар қабылданатындығын айтты.
«СанаСезім» ӘБҚОҚБ заңгері Элина Еникеева елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтар, оның ішінде тұрмыстық, еркінен тыс мәжбүрлі түрде ауыр жұмысқа жегу оқиғаларына түспеу және қайда жүгіну керектігі туралы, сондай-ақ профилактикалық жұмысты жақсарту бойынша сөз қозғады.
Жиын соңында арнайы дайындалған бейнеролик ұсынылып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

admin

Стратегические инициативы Казахстана по укреплению водной безопасности и регионального диалога

admin

Қазақстан әлемдегі Топ-100 суперкомпьютер қатарына енді

admin

Пікір жазу