Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Президент елордадағы LRT жүйесінің жұмысымен танысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы қоғамдық көлік жүйесіне, соның ішінде жеңіл рельсті көлік – LRT желісіне мониторинг жүргізіп, оның жұмысын реттейтін Бірыңғай диспетчерлік орталықтың қызметімен танысты.

Президентке жаңа көлік жүйесінің техникалық мүмкіндіктері мен жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы жөнінде баяндалды. Мамандардың мәліметінше, LRT жүйесінің әр құрамы 600-ден астам жолаушы тасымалдауға арналған. Ұзындығы 22,4 шақырымды құрайтын желіде 15 құрам жүргізушісіз қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, 4 құрам резервте сақталады.

Жобаның басты ерекшелігі – барлық үдерістің толық автоматтандырылуы. Атап айтқанда, қозғалысты басқару, жылдамдықты арттыру және тежеу, есіктерді ашу-жабу, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттер автоматты жүйе арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекет басшысы LRT жүйесінің алғашқы жолаушысы ретінде «Әуежай» станциясынан «Ұлттық музей» станциясына дейінгі бағытта сапар шекті.

Сонымен қатар, елордадағы қоғамдық көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту мақсатында LRT жобасының екінші кезеңін іске асыру басталғаны айтылды. Жоба қаладағы көлік қатынасын жақсартып, тұрғындар мен қонақтарға қолайлы әрі заманауи қоғамдық көлік қызметін ұсынуға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

АДАМЗАТ БИІГІНДЕГІ АҚЫН

admin

АУЫЛ БИІ ХАЛЫҚТЫ БЕЛСЕНДІ БОЛУҒА ШАҚЫРДЫ

admin

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбек қатынастары саласындағы саясатты дамыту: 2025 жылғы қорытынды және 2026 жылға арналған басым міндеттер

admin

Пікір жазу