Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Шайбалы хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы элиталық дивизионға шықты

Шайбалы хоккейден Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан I дивизионның әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Украинаны жеңіп, мерзімінен бұрын элиталық дивизионға жолдама алды.
4-тур аясындағы тартысты ойында отандастарымыз Украинамен негізгі уақыт және овертаймда 4:4 есебімен тең түскенімен, буллит сериясында сәттілік (2:1) біздің жағымызда болды. Кездесу барысында Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Роман Старченко, Батырлан Мұратов мергендік танытып, жеңіске үлестерін қосты.
🇰🇿Қазақстанның әлем чемпионатындағы көрсеткіші:
🇰🇿Қазақстан🆚🇱🇹Литва — 4:1
🇰🇿Қазақстан🆚🇯🇵Жапония — 6:0
🇰🇿Қазақстан🆚🇵🇱Польша — 3:2
Бұған дейін Қазақстан құрамасы 2021-2025 жылдар аралығында элиталық дивизионда өнер көрсеткен еді.
Енді жерлестеріміз ертең шешуші турда топтағы басты фавориттің бірі саналатын Франциямен шеберлік байқасады.

Ұқсас жаңалықтар

АНАММЕН БІРГЕ ЖАСАЛҒАН ТАҢДАУ – ЕЛ БОЛАШАҒЫНА ДЕГЕН СЕНІМ

admin

ШЫМКЕНТ ОҚУШЫЛАРЫ ОҚУ ЖЫЛЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАУҒА ДАЙЫН: ӘКІМДІК БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ТАНЫСТЫРДЫ

admin

АУДАН ӘКІМІ КОММУНАЛДЫҚ САЛАДАҒЫ НӘЗІК ЖАНДЫЛАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

admin

Пікір жазу