Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпарат

ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ КЕЗЕКТІ РЕТ ҚАБЫЛДАДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев кезекті рет жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың мәселелерін тыңдады. Қабылдауға жауапты сала басшылары мен тиісті мекеменің өкілдері қатысып, түйткілді мәселелердің шешу жолдарын қарастырды.
Қабылдауға келген азаматтар шығармашылық кеш өткізу, тұрғын үй алу, «Қазыбек би оқулары» байқауларын жоғары деңгейде ұйымдастыру, мәдени іс-шаралар өткізуге қаржылай қолдау көрсету, сондай-ақ көкпар ойынына қатысты өзекті мәселелерді көтерді. Сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтар арасында өткізілетін спорттық жарыстарға қатысуға қолдау білдіру және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында арнайы орталық ашу бойынша өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді.
Азаматтардың мәселесін жіті тыңдаған облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы жауаптыларға заң аясында жан-жақты зерделеп, қысқа мерзімде шешуді тапсырды.
Айта кетсек, облыс әкімі мен оның орынбасарларының өңір тұрғындарын жеке қабылдауы тұрақты түрде кестеге сәкес жүргізіліп келеді. Азаматтардың көтерген мәселелері кезең-кезеңімен шешімін табуда

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Tulip Hall көпфункционалды кешеніне барды

admin

ТҮРКІСТАНДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ПАТРИОТТЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ

admin

Құқық бұзушылыққа жол жоқ: Түркістан өңіріндегі қағидат және нақты нәтижелер

admin

Пікір жазу