Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Қазақстанда туризм саласы дамып келеді: 2025 жылы негізгі көрсеткіштер бойынша оң өсім тіркелді

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның туризм саласы негізгі көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім көрсетті. Ел ішінде саяхаттаушылар саны да, шетелден келетін туристер ағыны да артты. Сонымен қатар инвестиция мен бизнес кірістері де едәуір көбейді.

Атап айтқанда, орналастыру орындарында тоқтаған ішкі туристер саны 10,1 млн адамға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда шамамен 1 млн-ға артты. Шетелдік қонақтардың да қызығушылығы өсіп келеді: қонақ үй қызметін пайдаланған туристер саны 1,4 млн адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 132,3 мыңға көбейді.

Жалпы, 2025 жылы Қазақстанға түрлі туристік мақсатпен (жұмыс істеу немесе тұрақты тұру үшін келгендерді есептемегенде) 15,7 млн шетел азаматы келді. Оның ішінде 11,1 млн адам турист ретінде тіркелді. Бұл көрсеткіш те өткен жылмен салыстырғанда жоғары.

Саланың экономикалық тиімділігі де артып келеді. Орналастыру орындары, демалыс базалары мен қонақ үйлердің жалпы кірісі 350,6 млрд теңгені құрап, бір жылда 50,8 млрд теңгеге ұлғайды. Туристік инфрақұрылым кеңейіп, орналастыру нысандарының саны 4 482-ге жетті. Бір мезетте қабылдау мүмкіндігі 233 мыңнан астам төсек-орынды құрады.

Инвестициялық белсенділік те күшейді. 2025 жылы туризм саласына тартылған инвестиция көлемі 32,6%-ға өсіп, 1 256,9 млрд теңгеге жетті (2024 жылы – 947,6 млрд теңге).

Жалпы көрсеткіштердің артуы туризм саласының жүйелі түрде дамып келе жатқанын және Қазақстанның ішкі әрі шетелдік туристер үшін тартымдылығы күшейіп отырғанын айғақтайды.

Ұқсас жаңалықтар

РЕФЕРЕНДУМ: ТҮРКІСТАНДА «LIDER PREMIUM» ЗАУЫТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

admin

Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзі

admin

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА 1 000 ТҮП АҒАШ ЕГІЛІП, АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІККЕ 10000 АДАМ ҚАТЫСТЫ

admin

Пікір жазу