Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады — «Жер сағаты» акциясы өтеді. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін «Жер Сағаты»ихалықаралық экологиялық акциясына қосылыңыздар, биылғы тақырыбы елдегі экотуризмді дамыту болды.
Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да бүкіл елдегі үйлерде, кеңселерде және көшелерде шамдар бір сағатқа сөнеді.
«Жер сағаты» акциясы – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (бұдан әрі-WWF) қамқорлығымен өткізілетін жыл сайынғы халықаралық оқиға. Акция барысында WWF планетаның болашағына бей-жай қарамай, жарық пен тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа өшіруге шақырады; сонымен бірге әлемдегі ең танымал ғимараттар мен ескерткіштердің артқы жарығы сөнеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан қаласы: 2026 жылы жастар практикасы бағдарламасы аясында 600 жас маман жұмыспен қамтылады

admin

ТҮРКІСТАНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАСЫ АЯСЫНДА  СЕМИНАР ӨТТІ

admin

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі нейрожелілер: Бас Прокурор Берік Асылов жасанды интеллект саласындағы әлемдік сарапшы Кай-Фу Лимен кездесті

admin

Пікір жазу