Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпарат

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «МӨЛДІР БҰЛАҚ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА БҰЛАҚ КӨЗДЕРІ ТАЗАРТЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы – тек қоршаған ортаны тазалау ғана емес, ол қоғамның жаңғыруы мен азаматтық жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Жоба аясында Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, табиғи су көздерін сақтау мен қорғауға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Осы бастамаға үн қосқан Төлеби ауданында бүгін 4 бірдей бұлақ басында тазалық және абаттандыру жұмыстары атқарылды. Атап айтқанда, Әңгір-Ата ауылындағы Шілтер әулие бұлағы, Майбұлақ ауылындағы Нұр-Ата бұлағы, Қайнар ауылындағы Жылақ-Ата бұлағы және Көксәйек ауылындағы Георгий әулие бұлағы аумақтары толық тазартылып, ретке келтірілді.
Шара барысында бұлақ көздерін ашу, айналаны санитарлық тазалау, тал егу (барлығы 250 ағаш егілді), әктеу және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар табиғи су көздерінің ағысын қалпына келтіруге және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.
Экологиялық акцияға аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов жетекшілік етіп, 30-ға жуық зиялы қауым өкілі, 45 жұмысшы және 70 ерікті қатысты. Сонымен қатар жұмыстарды сапалы әрі уақытылы орындау үшін 5 трактор, 3 «КамАЗ» жүк көлігі және 3 су таситын арнайы техника жұмылдырылды.
Жалпы, аудан аумағында 100-ден астам бұлақ көзі бар. Негізгі бұлақтар тұрақты түрде тазаланып, күтіп-ұсталуда.
Бүгінгі атқарылған жұмыстар – «Таза Қазақстан» бастамасының Төлеби ауданындағы нақты жүзеге асуының айқын дәлелі. Тазалық пен табиғатты қорғау – бір күндік шара емес, ол әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс маңызды құндылық.
Айта кетейік, облыс көлемінде «Мөлдір бұлақ» акциясы Түлкібас ауданында басталып, оған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕҢБЕК НАРЫҒЫН ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

admin

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды

admin

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА МАҚТА ЗАУЫТТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫНА ЗЕРДЕЛЕУ ЖҮРГІЗІЛДІ

admin

Пікір жазу