Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ЖАҢАРУ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 500 ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Жаңару күні қарсаңында Отырар ауданында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Осы бағыттағы игі бастамалардың бірі ретінде аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудандық мәслихат төрағасы Уалихан Жамалханұлы, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы мен «Заречное» АҚ өкілдері, аудан ардагерлері, студенттер және белсенді жастармен бірге Д. Құрманбеков атындағы №20 кәсіптік колледж аумағында ағаш отырғызу акциясына қатысты.
▪️Шара барысында колледж аумағына жалпы саны 500 түп жеміс ағашының көшеті егілді. Атап айтқанда, 60 түп алхоры, 60 түп шие (гигант), 60 түп сары өрік, 30 түп шабдалы, 30 түп алмұрт, 120 түп алма, 60 түп шие (шпанка), 30 түп лимон, 30 түп анар және 20 түп айва көшеттері отырғызылды.
▪️Бұл бастама – қоршаған ортаны қорғау, табиғи тепе-теңдікті сақтау және жасыл желекті көбейтуге бағытталған маңызды қадам.
▪️Мұндай шаралар жас ұрпақтың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Қатысушылар табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет екенін атап өтіп, көгалдандыру жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін жеткізді.
▪️Аға буын мен жастардың бірлескен еңбегі көпшілікке үлгі болып, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыра түсті.
▪️Жалпы, аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан мұндай бастамалар өңірдің көркеюіне, экологиялық ахуалдың жақсаруына және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға өз үлесін қоса береді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 101 ЖАСТАҒЫ АНАР ТЛЕШОВА РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

admin

Рейтинг МВФ: крупнейшие экономики мира в 2026 году

admin

Түркістан облысында ауыл шаруашылығында 1,1 трлн теңгенің өнімі өндіріліп, өңір республикада көш бастады

admin

Пікір жазу