Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҮСТЕН КЕЙІН ДЕ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫ

Түркістан облысында дауыс беру қарқыны түстен кейін де тоқтаған жоқ. Тұрғындар учаскелерге келіп, өз таңдауларын жасауда. Жәрмеңкелер ұйымдастырылып, сурет көрмесі өтіп жатқан күнгей өңірде халықтың көңіл күйі өте жоғары. Облыс бойынша референдум учаскелерінің саны – 947 (оның ішінде жабық учаскелер саны — 26). Қазіргі таңда Түркістан облысының жалпы халық саны 2 млн 154 мың адамды құрайды. Оның ішінде дауыс беру құқығына ие азаматтар саны – 1 187 257, бұл өңір халқының 55,4 пайызына тең. ҚР орталық референдум комиссиясының сағат 16:00-дегі мәліметі бойынша облыс халқының 72,39%-ы дауыс берген.
Облыс аумағындағы барлық учаскелер қажетті материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған азаматтар, оның ішінде кресло-арбаларды пайдаланушылардың қолжетімділігін ескере отырып, жасырын дауыс беруге арналған кабиналармен және мүгедектігі бар адамдар үшін бұрыштармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, Түркістан облысы бойынша 554 учаскеде онлайн сервис іске қосылса, 22 шағын ХҚКО (халыққа қызмет көрсету орталығы) дауыс берушілерді уақытша тіркеу (бір күнге) жұмысын атқаруда.

Ұқсас жаңалықтар

ШІРКЕЙГЕ БӨЛІНГЕН 1, 4 МЛРД АУАҒА КЕТТІ МЕ?

admin

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА 101 ЖАСТАҒЫ АНАР ТЛЕШОВА РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

admin

Президент «Жаңа адамдар» жастар форумында сөз сөйледі

admin

Пікір жазу