Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ЖаңалықтарҚоғамСпорт

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА КӨКПАРШЫЛАР МЕН БАЙКЕРЛЕР РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Республикалық референдум күні Сайрам ауданында ұлттық спорт өкілдері мен байкерлер де саяси науқаннан тыс қалмай, өз таңдауларын жасады. Көкпаршылар мен байкерлер дауыс беру учаскесіне арнайы келіп, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдау ісіне белсенді түрде қатысып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.

Ұлттық дәстүр мен еркіндік рухын дәріптеген азаматтар референдумға қатысу әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы екенін атап өтті. Олардың пікірінше, мұндай маңызды саяси шараларға қатысу қоғамдағы жауапкершілік пен бірліктің айқын көрінісі болып табылады.

Сайрам ауданының тұрғыны Жаңабек Бектұрғанов референдумға қатысу ел болашағына бейжай қарамаудың белгісі екенін жеткізді.

– Референдум – мемлекет дамуына ықпал ететін маңызды қадам. Әр азамат өз таңдауын жасап, қоғамдағы өзгерістерге үлес қосуы керек. Халық белсенді болған жағдайда қабылданатын шешімдер де елдің еркіне негізделеді, – деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «БІТІМГЕР» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ БАҚЫТЖАН БЕЙСЕМБАЕВ ДАУЫС БЕРДІ

admin

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көші-қон саясатын жетілдіру және елге жоғары білікті мамандар тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

admin

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ӨТКЕН АУҚЫМДЫ ЭКО-АКЦИЯДА 2 МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ ЕГІЛДІ

admin

Пікір жазу