Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ҚоғамСаясат

ШАРДАРАДА 12 ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ НҰРДӘУЛЕТ АЙДАРХАН РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

Шардара ауданында өтіп жатқан республикалық референдумға армрестлингтен 12 дүркін әлем чемпионы, «Шардара Армспорт» спорт клубының спортшысы Нұрдәулет Айдархан қатысып, өз таңдауын жасады.

Белгілі спортшы Шардара ауданындағы №849 референдум учаскесіне арнайы барып, азаматтық борышын орындады. Ол мұндай маңызды саяси науқанға қатысу әрбір азамат үшін үлкен жауапкершілік екенін атап өтті.

Референдум – ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын сәт. Сондықтан әрбір азамат өз таңдауын жасап, қоғамдағы маңызды бастамаларға бейжай қарамауы керек. Әр дауыс – мемлекетіміздің даму бағытын айқындайтын маңызды үлес, – деді Нұрдәулет Айдархан.

Айта кетейік, Нұрдәулет Айдархан – халықаралық ареналарда ел намысын қорғап жүрген танымал спортшылардың бірі. Оның референдумға қатысуы жастарға үлгі болып, азаматтық белсенділіктің артуына ықпал етуде.

Жалпы, Шардара ауданы бойынша республикалық референдум өткізу үшін 33 дауыс беру учаскесі ұйымдастырылған. Ауданда 42 978 азамат дауыс беру құқығына ие. Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау мақсатында барлық учаскелер бірінші қабатқа орналастырылып, пандустармен толық қамтамасыз етілген.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте тазалық пен тыныштықты бұзғандар жауапқа тартылды

admin

Жастар жасампаз болуы қажет

admin

ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ РЕФЕРЕНДУМҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

admin

Пікір жазу