Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ҚоғамСпорт

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: БОКСТАН ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСТЫ

Түркістан облысының Төлеби ауданындағы «Алма Тау» спорттық базасында бокстан Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Дайындық барысында ел намысын халықаралық ареналарда қорғап жүрген спортшылар республикалық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады.

Ұлттық құрама мүшелері Төлеби ауданына қарасты Ақбастау ауылындағы 760 референдум учаскесіне арнайы келіп, дауыс беріп, азаматтық борыштарын орындады. Осылайша спортшылар ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан шет қалмай, қоғамдық белсенділіктерін көрсетті.

Спортшылардың айтуынша, мемлекет тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын кезеңде әрбір азаматтың белсенділігі ерекше маңызға ие. Сондықтан олар халықпен бірге ел болашағына жауапкершілікпен қарап, референдумға қатысуды азаматтық парыз деп санайтындарын жеткізді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Түркістан облысында референдум учаскелері штаттық режимде жұмыс істеуде. Өңір тұрғындары маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.

Ұқсас жаңалықтар

АСТАНАДА PGL ASTANA 2026 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

admin

Еңбек адамы – ел болашағының негізі

admin

Бірлік пен достық – қоғам тұрақтылығының тірегі

admin

Пікір жазу