Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ЖаңалықтарМәдениет

ТҮРКІСТАНДА «TURKESTAN BOOK FAIR» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП КӨРМЕСІ БАСТАЛДЫ

Түркістан қаласында Түркі тілдес елдердің «Turkestan Book Fair» халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өз жұмысын бастады. Шара Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Фолиант» баспасы және ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының ұйымдастыруымен өтуде.

Көрменің ашылуына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев, белгілі қаламгерлер және әдеби қауым өкілдері қатысты. Спикерлер шараның түркі елдері арасындағы рухани байланыстарды нығайтудағы маңызын атап өтті.

Ертай Алтаев өз сөзінде кітап оқу мәдениетін дамыту жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын еске салып, Түркістан өңіріндегі 388 кітапхана жыл басынан бері 380 мыңға жуық оқырманға қызмет көрсеткенін айтты.

Көрмеге Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей, Саха Республикасы, Моңғолия және Қазақстаннан 50-ге жуық баспа және полиграфиялық компания қатысуда. Жәрмеңке аясында жаңа басылымдардың тұсаукесерлері, авторлармен кездесулер, автограф-сессиялар және балаларға арналған шеберлік сабақтары өтеді.

Алғашқы күні Несіпбек Айтұлының «Ләйлі-Мәжін» дастаны, Сұлтан Раевтың «Жанжаза» романы, Ұларбек Дәлейұлының «Бату хан» шығармасы, «Саха поэзиясының антологиясы» және М.Әуезовтің күнделіктері таныстырылды.

Көрме 28 қарашаға дейін «Конгресс Холл» кешенінде жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық Полиция басқармасы ескертеді!

admin

АНА — ЕЛДІҢ, ОТБАСЫНЫҢ ШАМШЫРАҒЫ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

admin

Пікір жазу