6 Желтоқсан, 2025. 16:36
Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕДЕ 1 МЫҢҒА ЖУЫҚ БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Сайрам ауданында пробация қызметі есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараны Сайрам аудандық прокуратурасы мен аудандық мансап орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Жәрмеңкеге 39 жұмыс беруші қатысып, жалпы 965 бос жұмыс орнын ұсынды.

Шараның ашылуында Сайрам аудандық прокуратурасының прокуроры Бақытжан Байғозиев, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Шухратулла Убайдуллаев және аудандық «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Қуаныш Сыздықов сөз сөйлеп, еңбек нарығын дамыту, әлеуметтік бейімделуі қиын азаматтарды қолдау және оларды жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Жәрмеңкеге 200-ден астам тұрғын қатысып, оның ішінде 100-ге жуығы – пробация есебіндегі азаматтар. Нәтижесінде 20 адам жұмыспен қамтылуға ниет білдіріп, ұсынылған бос жұмыс орындары бойынша іріктеуге жіберілді. Қатысушылардың бір бөлігі тұрақты жұмысқа жолдама алса, тағы бірнеше азамат жастар практикасына және «Күміс жас» жобасына бағытталды.

Сонымен бірге, мемлекеттік грант алып, кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлер жәрмеңкеге қатысып, өз бизнесін таныстырды. Олар тұрғындарға кәсіпкерлік негіздері, грантқа құжат дайындау және жеке ісін дамыту бойынша кеңестер берді.

Бұл шара әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды еңбекке бейімдеу және тұрақты табыс көзін қалыптастыруға ықпал етуді мақсат етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Президент жаңадан ашылған Coca-Cola Içecek Kazakhstan зауытына барды

admin

Мемлекет басшысы Ұлытау облысының әкімін қабылдады

admin

Еңбек адамы – ел мақтанышы!

admin

Пікір жазу