Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Түркістанда 197 млрд теңгенің 17 инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес прокуратура органдары инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді және инвесторлармен өзара іс-қимылды жалғастыруда.

Осы мақсатта Түркістан қаласының прокуроры Каукен Нәрікбаевтың төрағалығымен, жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатысуымен инвестициялық нысандарға іссапар ұйымдастырылып, жұмыс кездесуі өтті.

Қала аумағында жалпы құны 197 млрд теңгені құрайтын 17 ірі жоба іске асырылуда. Аталған жобалар нәтижесінде 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. Инвесторлар қатарында Біріккен Араб Әмірліктері мен Қытай Халық Республикасының компаниялары бар.

Жаңа жобалардың ішінде асфальт-бетон өнімдерін шығаратын өндіріс орны және темірбетон бұйымдары мен тауарлық бетон өндіретін заманауи зауыттың құрылысы бар. Бұл кәсіпорындар өңірдің құрылыс саласына серпін беріп, инфрақұрылымдық дамуға елеулі үлес қоспақ.

Кездесу барысында прокурор мемлекеттік органдардың басшыларын инвесторлармен таныстырып, өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға бастамашы болды. Сондай-ақ әкімшілік кедергілердің алдын алу, жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастықты күшейту және инвесторлармен тұрақты байланыс орнату мәселелері талқыланды.

Тиісті тапсырмалар беріліп, көтерілген сұрақтар бойынша нақты шешу жолдары айқындалды.

Прокуратура алдағы уақытта да инвестициялық жобаларға құқықтық қолдау көрсетіп, олардың уақытылы әрі толық жүзеге асырылуына ықпал етуді жалғастырады.

#инвестиция #заңментәртіп #Түркістан

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ «ДАРА ҰРПАҚ» ИНКЛЮЗИВТІ ТЕАТРЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

admin

САЙРАМ АУДАНЫНДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕДЕ 1 МЫҢҒА ЖУЫҚ БОС ЖҰМЫС ОРНЫ ҰСЫНЫЛДЫ

admin

Россия – Казахстан: союз в сердце Евразии

admin

Пікір жазу