Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Шардара ауданында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен Шардара ауданында қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған «Қауіпсіз балалық шақ» жобасын іске асыру мәселелері бойынша жиналыс өтті.

Іс-шараға жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Жиналыс барысында облыс прокурорының орынбасары Даулет Бекбашұлы Тлемисов өңірдегі өзекті мәселелерге тоқталып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тұрақтылықты сақтау бағытында нақты хаттамалық тапсырмалар берді.

Сонымен қатар қатысушыларға ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және профилактикалық шараларды жүйелі түрде жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді.

#заңментәртіп

Ұқсас жаңалықтар

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

admin

🎭Өзбекстанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті

admin

Олжас Бектенов Түркістан облысында электр стансасын салу жөніндегі Президент тапсырмасының жүзеге асырылу барысын тексерді

admin

Пікір жазу