Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Қазығұрт ауданында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен Қазығұрт ауданында қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтау және «Қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасының орындалу жағдайы бойынша кеңейтілген жиын өткізілді.

Іс-шараға ауданның жергілікті атқарушы органдарының, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Кеңес барысында облыс прокурорының орынбасары Даулет Бекбашұлы Тлемисов өңірдегі өзекті мәселелерге тоқталып, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында нақты хаттамалық тапсырмалар берді.

Жиын қорытындысында қатысушыларға ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, профилактикалық шараларды жүйелеу және тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізу қажеттілігі атап өтілді.

#заңментәртіп

Ұқсас жаңалықтар

СОЗАҚ АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

admin

ЕҢБЕК АДАМЫ- ЕЛДІҢ ТІРЕГІ, ҰРПАҚТЫҢ ҮЛГІСІ

admin

ТАБИҒАТ ЖАНАШЫРЛАРЫ МЕН ЖУРНАЛИСТЕР СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАСЫН ТАЗАРТТЫ

admin

Пікір жазу