Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Төлеби ауданында қоғамдық тұрақтылық пен балалар қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен Төлеби ауданында қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және «Қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасының орындалу барысы бойынша кеңейтілген жиын өтті.

Іс-шараға ауданның жергілікті атқарушы органдарының, құқық қорғау құрылымдарының және арнайы мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Кеңес барысында облыс прокурорының орынбасары Тлемисов Даулет Бекбашұлы өңірдегі өзекті мәселелерге тоқталып, оларды шешу бойынша нақты хаттамалық тапсырмалар берді.

Сонымен қатар жиын қатысушыларына балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, әлеуметтік тұрақтылықты сақтау және тұрғындармен өзара әрекеттестікті күшейту бағытында ведомствоаралық үйлестіруді жандандыру қажеттілігі атап өтілді.

Облыс прокуратурасы қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың құқықтық қауіпсіздігін қамтамасыз ету — прокуратура органдары қызметінің басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

#заңментәртіп

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ОҚУШЫЛАРЫ ОҚУ ЖЫЛЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАУҒА ДАЙЫН: ӘКІМДІК БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ТАНЫСТЫРДЫ

admin

*2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды

admin

Түркістанда өмірге құштар жандардың республикалық спорт ойындары басталды

admin

Пікір жазу