6 Желтоқсан, 2025. 10:21
Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Есірткіге қарсы иммунитет – жас ұрпақ санасында

Арыс аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және есірткіге теріс көзқарас қалыптастыру мақсатында аудан аумағындағы оқу орындарының оқушыларымен кездесу өткізді.

Шара барысында тәртіп сақшылары қатысушыларға есірткі және психотроптық заттарды қолданудың адам ағзасына тигізетін зияны, сондай-ақ заңсыз сақтау мен өткізудің құқықтық салдары туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Полицейлер «синтетикалық» есірткі түрлерінің таралу қаупіне тоқталып, оның ауыр әлеуметтік және медициналық зардаптарын нақты мысалдармен баяндады.

Кездесу аясында оқушылар нашақорлықтың адам өміріне және қоғамның дамуына тигізер кері әсерін көрсететін бейнероликтерді тамашалап, зиянды әдеттерден аулақ болудың маңыздылығын түсінді. Жастар өз ой-пікірлерін ортаға салып, есірткіге тәуелділікті қоғамға үлкен қауіп төндіретін індет деп атап өтті.

Шара соңында полиция қызметкерлері оқушылардың қойған сұрақтарына жауап беріп, пайдалы кеңестермен бөлісті. Сондай-ақ, жасөспірімдерді бос уақыттарын тиімді өткізіп, спортпен шұғылдануға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Бұл бағыттағы алдын алу іс-шаралары Арыс ауданының барлық білім беру ұйымдарында кезең-кезеңімен жалғасын табатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазығұрт ауданында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

admin

Көлік саласындағы тәртіпті нығайту

admin

Түркістан – тәртіп пен тұрақтылық өңірі: Қауіпсіз қоғамға бағытталған жүйелі жұмыс

admin

Пікір жазу