Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Президент референдумда дауыс берді

Мемлекет басшысы Астанадағы Оқушылар сарайында орналасқан №51 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады.

Дауыс бергеннен кейін Президент отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді. Сондай-ақ ол бүгінгі күннің ел болашағы үшін ерекше маңызды екенін атап өтті.

«Бүгін еліміздің тағдырын айқындайтын күн. Бұл – тарихи құжат. Жаңа Конституция азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді, еліміздің тұтастығы мен тәуелсіздігін қорғайды», – деді президент.

Президенттің айтуынша, 1995 жылы қабылданған Конституция елдің дамуына үлкен үлес қосты. Алайда уақыт талабына сай жаңа Ата заң қабылдау қажеттігі туындаған.

Тоқаев жаңа Конституцияның бірқатар нормаларын, соның ішінде преамбуласын жазуға өзі де қатысқанын айтты.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ 100 ПАЙЫЗ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

admin

Түркістан облысында 35 мыңнан астам түлек мектеп бітірді

admin

Президент елордадағы LRT жүйесінің жұмысымен танысты

admin

Пікір жазу