Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы аясында мопед жүргізушілерімен профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Түркістан қаласында полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы аясында мопед пен скутер жүргізушілерімен түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында тәртіп сақшылары жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтау, қорғаныш дулығасын кию және көлік құралын басқаруға қажетті құжаттарды заң талаптарына сай рәсімдеу керектігін түсіндірді.

Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың мопед басқаруына жол бермеу, жылдамдықты шамадан тыс арттырмау және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Полицейлердің айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілер арасында құқықтық мәдениетті арттыру және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Түркістан қалалық Полиция басқармасы тұрғындарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, өз өмірі мен өзгенің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

«TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2025» АЯСЫНДА ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӨНІНДЕ ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯ ӨТТІ

admin

САРЫАҒАШ: КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

admin

Түркістан облысында ылғалды көп қажет ететін дақылдарды егу лимиттері қайта қаралды

admin

Пікір жазу