Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Жастар мен жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, заңға құрметпен қарау және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Шардара ауданының Қызылқұм ауылдық округінде түсіндіру кездесуі өтті.

Іс-шара Қызылқұм жалпы білім беретін мектебінде ұйымдастырылып, оған полиция инспекторлары, білім беру саласының мамандары мен жастар орталығының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында оқушыларға қылмыс пен құқықбұзушылықтың қоғамға және жеке тұлғаға тигізетін зияны, әрбір құқық бұзушылықтың заңмен жазаланатыны кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар жолда жүру ережелерін сақтау, көлікті заңсыз айдаудың жауапкершілігі, және нашақорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды.

Мамандар жасөспірімдерді заңға бағынуға, өз қауіпсіздігіне мән беруге және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

🔹 Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай түсіндіру кездесулері жасөспірімдердің жауапкершілігін арттыруға, құқықтық сауаттылығын нығайтуға және қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы 2026 жылдың 15 наурызында қабылданған Конституцияның ережелерін жүзеге асыру мақсатында конституциялық заңдарға қол қойды

admin

Тоқаев Вице-Президент институтын енгізетін конституциялық заңға қол қойды

admin

Мемлекеттік қызметші әдеп нормаларын сақтау – қоғам сенімінің негізі

admin

Пікір жазу