Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ҚР ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, АҚЫН АЙДАР СЕЙДАЗЫМ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ҚР Жазушылар Одағының Түркістан облысындағы филиалының төрағасы мен өкілі, «Алаш» әдеби сыйлығының иегері ақын Айдар Сейдазым саяси науқанда белсенділік танытып, өз таңдауын жасады. Ол Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ-да №132 дауыс беру учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
«Сонау Шыңғыс хан заманынан бастау алып, Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысымен» жалғасқан дала заңдары қашанда құнды саналады. Сол ұлы құқықтық дәстүр бүгінгі Ата Заңымызбен сабақтасып, тәуелсіз еліміздің тұғырын бекемдеп тұр. Ата заңымыз барда бізді сырттағы жау да, ішкі дау да ала алмайды. Сондықтан қазақ халқының жарқын болашағы үшін, зайырлы мемлекетіміздің берік іргесі мен бірлігі үшін өз таңдауымды жасадым. Дауыс беру учаскесіндегі аура да ерекше әсер қалдырды. Барлық жағдай жасалған, азаматтар өз таңдауларын еркін әрі сенімді түрде білдіруде. Әрбір берілген дауыс маңызды әрі ел ертеңіне қосылған үлес деп санаймын» — деді ақын.
Айдар Сейдәзім Бастарбекұлы — 1980 жылы 26 желтоқсанда Ордабасы ауданы, Ақжол ауылында дүниеге келген. Республикалық, жыр мүшәйраларының лауреаты. Өлеңдері облыстық, республикалық газет-журналдарда жарияланып тұрады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында полицейлер 2 мыңнан астам оқушымен кездесті

admin

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ ҚАЛАМГЕРЛЕР МЕН ОҚЫРМАНДАРДЫ ЖАҚЫНДАТТЫ

admin

Тоқаев дипломатиялық форумға қатысу үшін Анталиядағы NEST конгресс орталығына келді

admin

Пікір жазу