Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпарат

Заң мен тәртіп – қоғам тірегі

Сайрам ауданындағы Ақсукент көпсалалы колледжінде жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру және заңды құрметтеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Заң мен тәртіп» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Іс-шараны Сайрам аудандық Жастар ресурстық орталығы мен аудандық құқық қорғау және құқықтық құрылым өкілдері бірлесіп ұйымдастырды. Шараға заңгерлер, сот орындаушылары, нотариус, полиция инспекторлары, сондай-ақ орталықтың директоры Ә. Төлегенов қатысты.

Семинар барысында мамандар студенттерге заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың салдары, және азаматтық жауапкершілік туралы кеңінен түсіндіріп, нақты өмірлік мысалдар келтірді. Қатысушылар өз құқықтары мен міндеттері жөнінде мағлұмат алып, құқықтық мәдениеттің қоғам тұрақтылығындағы рөліне тоқталды.

Іс-шара интерактивті форматта өтіп, студенттер белсенділік танытты. Олар өзекті мәселелер бойынша сұрақтар қойып, мамандардан нақты әрі пайдалы жауаптар алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай түсіндіру кездесулері жастардың заңға деген құрметін арттырып, қоғамдағы тәртіп пен әділеттілік қағидатын бекітуге зор үлес қосады.

🔹 Алдағы уақытта Сайрам ауданында осындай құқықтық мәдениетті дамытуға бағытталған іс-шаралар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ПАТРИОТТЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ

admin

Қазақстанда «Digital Nauryz» жобасының қорытындылары жарияланды

admin

Құқық қорғау және арнайы органдарға деген сенімді арттыру – әділетті қоғамның негізі

admin

Пікір жазу