Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Түркістанда жұмысшы мамандығында оқитын студенттер өндіріс орнында тәжірибе алмасты

Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжі мен «Түркістан Текстиль» тігін фабрикасының бірлескен ұйымдастыруымен «Өндірістегі дублер күні» атты іс-шара өтті. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және студенттердің кәсіби тәжірибесін нығайтуға бағытталған.

Іс-шараға колледждің 6 педагогы мен «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығында оқитын 75 студент қатысты. Басты мақсат — студенттердің өндіріс ортасында тұлғалық және көшбасшылық қасиеттерін ашу, кәсіби шеберліктерін жетілдіру, сондай-ақ іскерлік және коммуникативтік дағдыларын дамыту.

Тәжірибе барысында 1-курс студенттері тігін машиналарында өз қолдарымен қол орамалдар мен алжапқыштар тігіп, өндірістік процестің негізгі кезеңдерімен танысты. Олар тігін машиналарының түрлері мен қызметін, материалдармен жұмыс істеу әдістерін үйреніп, техникалық қауіпсіздік ережелерін де меңгерді.

Сонымен қатар, студенттер фабрикадағы заманауи өндірістік технологиялармен, автоматтандырылған жүйелермен және еңбек процесін тиімді ұйымдастыру тәсілдерімен танысты. Бұл тәжірибе олардың теориялық білімдерін нақты өндіріс жағдайында қолдануға мүмкіндік берді.

Колледж директоры атап өткендей, «Өндірістегі дублер күні» – білім беру мен өндіріс арасындағы өзара байланысты нығайтуға арналған маңызды қадам. Мұндай тәжірибелік сабақтар студенттердің болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттырып, еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлауға септігін тигізеді.

Педагогтар мен студенттер арасындағы бұл өзара іс-қимыл – ғылым мен техниканың, өнер мен өндірістің үйлесімді дамуының жарқын көрінісі. Шара нәтижесінде студенттер кәсіби бағыттағы алғашқы тәжірибесін алып, өз мамандығына деген сенімін нығайтты.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада қар тазалауға 1,3 мыңнан астам техника шықты

admin

ТҮРКІСТАН: ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ, КӨШІ-ҚОН МӘСЕЛЕСІН РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

admin

«Келешек» бағдарламасы: мемлекеттен алғашқы төлемдер жүргізілді

admin

Пікір жазу