Шардара ауданындағы №16 кәсіптік колледжде «Тәртіпке бағынған құл болмайды» тақырыбында құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, тәртіп пен заңға құрмет сезімін арттыру, сондай-ақ есірткі мен алаяқтықтың зияны туралы түсінік беру болды.
Кездесуге Шардара аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция капитаны Танабай Данияр Бауыржанұлы, ДТЖЖ орынбасары – Г. Дүйсебаева, және колледж психологы – Д. Қасымова қатысты.
Күн тәртібінде екі негізгі тақырып қаралды:
-
Есірткінің зияны және оның қоғамға тигізетін әсері;
-
Алаяқтықтың алдын алу және қаржылық сауаттылық негіздері.
Кездесу барысында полиция капитаны Данияр Танабай студенттерге есірткінің адам өміріне және болашағына келтіретін орны толмас зияны туралы жан-жақты түсіндіріп, қоғамдағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша нақты мысалдар келтірді.
Сондай-ақ, жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, алаяқтық әрекеттерден қорғану, және интернеттегі қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Дәріс барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, өмірде кездесетін түрлі жағдайларға қатысты пайдалы кеңестер алды.
Психолог Д. Қасымова мен Г. Дүйсебаева жастардың жауапкершілігін арттыру, өз әрекеттерін саралап, заң аясында өмір сүрудің маңызын түсіндірді.
Кездесу соңында құқық қорғау қызметкерлері студенттерге банк шоттарының нөмірін бөгде адамдарға бермеу, интернет арқылы келген күмәнді хабарламалар мен сілтемелерге сенбеу, және қоғамдық орындарда тәртіп сақтау туралы кеңес берді.
Бұл шара жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, саналы азамат болып өсуіне, сондай-ақ тәртіп пен заңға құрметпен қарауға үлкен үлес қосты.