Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Аймақ

БІРЛІК ПЕН НӘТИЖЕЛІ ЕҢБЕКТІҢ ҮЛГІСІ БОЛҒАН АУЫЛ

Отырар ауданы, Көксарай ауыл округінде өткен кездесуде аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы бірлік пен нәтижелі еңбектің үлгісі болған ауылдағы азаматтардың қолдауымен жасалған жұмыстарды ерекше атап өтті.
Туған жерінің дамуына атсалысқан ауылдың тумасы, Отырар ауданының құрметті азаматы, кәсіпкер Оразхан Кенжеғұлұлының демеушілігімен Көксарай ауылы орталығынан заманауи үлгідегі «Құтты мекен-Көксарай» естелік саябағының құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілсе, демеуші есебінен ұзындығы 24 метр болатын автотұрақ құрылысы жүргізілуде. Бұдан бөлек демеуші есебінен Көксарай ауылынан аумағы 2,2 га құрайтын жер көлеміне 200 орындық балабақша құрылысы басталып, бүгінгі таңға ішкі әрлеу жұмыстары атқарылуда.
Ауылдың жанашыр азаматтарының жұмысына ризашылығын білдірген аудан басшысы кездесу барысында Көксарай ауыл округі бойынша ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
Жыл басынан бері елді мекенде бірқатар жүйелі жұмыстар жүргізілген. Мәселен, аудандық бюджет есебінен Көксарай ауылындағы ұзындығы 790 метр болатын Қазыбек би көшесі, ұзындығы 1500 метр болатын Алатау батыр көшесі асфальтталса, жыл соңына дейін ұзындығы 1040 метр болатын Көктем көшесін асфальттау жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, аудандық бюджет есебінен Шеңгелді елді мекеніндегі балалар ойын алаңшасының құрылысы жүргізілуде, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Елді мекендегі К.Арынов көшесіне (1100м) аяқжол төселіп, жарықтандыру жұмыстары жүргізілген. Ал, жергілікті бюджет есебінен Көксарай ауылындағы Ынтымақ көшесінің (485м), Алатау батыр көшесінің (120м), Шәуілдір-Аққұм тасжолының (270м) бойы жарықтандырылды.
Отырар ауданы бойынша 2021-2025 жылдарды елді мекендерді көгалдандыруға арналған іс-шара жоспарына сай 2025 жылдың көктем мезгілінде 2000 дана қарағаш көшеттері отырғызылған. Ауылдың тазалық жұмыстарына МТЗ-920 маркалы 1 дана трактор тіркемесімен алынып, күнделікті қоқыс қалдықтары арнайы орындарға жеткізілуде.
Кездесуде ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сауалдарға тұщымды жауап беріліп, кейбір мәселелердің орындалуын бақылауға алуды жауапты орынбасарына жүктеді.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: өткен жылы кемшілік анықталған құрылыс нысандарына 290 млн теңге айыппұл салынған 

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕГІСТІКТІ АҒЫН СУМЕН ҚАМТУ, СУ НЫСАНДАРЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

admin

Сайрамда биыл 22 инвест-жоба жүзеге асып, 1 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады 

admin

Пікір жазу