6 Желтоқсан, 2025. 20:25
Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ШІРКЕЙГЕ БӨЛІНГЕН 1, 4 МЛРД АУАҒА КЕТТІ МЕ?

Ауданның басты проблемасына айналған шіркей мәселесі ушығып тұр. Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Жолдасов Зұлпыхар Сансызбайұлы шұғыл штаб құрып, мердігерлерден, жауапты мамандардан мән жайды анықтады.

Зұлпыхар Жолдасов:
“Сіздер сұратқан қаржыны жылдағыдан үш есе төлеп, қажеттіліктерді жеткізіп жатырмыз. Неге нәтиже жоқ? Керісінше көбейіп жатыр шіркей.. Қандай да бір тәжірибеге сүйеніп жұмыс жүруде ма, әлде
көзбояушылық па? Мына мәселені сотқа дейін тексеруге, мамандар жұмылдыруға мәжбүр боламыз. Еселеп дәрі құйылып жатса, неге тоқтамайды? Осы жұма күні арнайы шұғыл штаб мүшелері тағы бақылайтын боламыз. Нәтижесіз тірлік болса бір тиын қаржы төленбейді, мемлекет қаржысы далаға текке кетпеуі тиіс!”

Аудан басшысы Кайрат Жолдыбай мырзада шіркейге қарсы жұмыстың нәтиже бермей жатқанын, жүргізілген дәрілеу шараларына көңілі толмайтынын нықтап жеткізді.

Жалғасы бар..

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы сауда-логистика орталығына барды

admin

Түркістан облысында жұмысшы мамандықтарды дамыту және еңбек адамының беделін арттыру бағытындағы жүйелі жұмыстар

admin

«Коридор устойчивости»: правительство Казахстана берет инфляцию под контроль

admin

Пікір жазу