Сайрам ауданында биыл жалпы құны 74,3 млрд теңгені құрайтын 22 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Нәтижесінде 1 085 адам жұмыспен қамтылмақ. Өткен жылы құны 15,5 млрд теңгені құрайтын 11 жоба іске қосылып, 235 жұмыс орны ашылған болатын.
Инвесторларды өңірге тарта түсу мақсатында Сайрам ауданының әкімі Арман Сабитов Қытай елінен келген инвесторларды қабылдады. Көрші елдің кәсіпкерлері металлургия, қайта өңдеу, құрылыс сияқты бірқатар маңызды салаларға қаржы салуға ниетті. Кездесу барысында аудан аумағында іске асырылып жатқан және алдағы уақытта жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар талқыланып, тараптар өзара пікір алмасты.
Басқосуда аудан әкімі шетелдік инвесторларға Сайрам ауданының инвестициялық мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат беріп, бизнес жүргізу үшін толық қолдау көрсетілетінін атап өтті. Өз кезегінде қытайлық кәсіпкерлер бірлескен жобаларды жүзеге асыруға үлкен қызығушылық танытты.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі