Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

2026 жылғы 2 мамырда Жетісу облысы Сарқан ауданының Тополевка ауылы маңындағы «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында ерекше табиғи құбылысқа арналған «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті.

Ауқымды іс-шара өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, экологиялық туризмді дамытуға, табиғи мұраны насихаттауға және әлемдік маңызға ие Сиверс жабайы алмасының табиғи қорын сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Фестивальге 7 мыңнан астам адам қатысып, іс-шара аясында 50-ден астам блогер мен инфлюенсер Жетісу өңірінің туристік әлеуетін кең аудиторияға танытуға үлес қосты.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында Наурыз мерекесі жаңа форматта өтті: дәстүр, технология және миллиондық қамту

admin

Президент: Могущество Золотой Орды — исторический факт

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕЛЕРІНДЕ КІТАП КӨРМЕСІ МЕН ҚОЛӨНЕР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ

admin

Пікір жазу