Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Жетісай ауданында қоғамдық тұрақтылық пен балалардың қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

2025 жылғы 6 қазанда Түркістан облысы прокурорының орынбасары Даулет Бекбашұлы Тлемисовтың төрағалығымен Жетісай ауданы әкімдігінде қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және «Қауіпсіз балалық шақ» жобасының орындалу барысы бойынша жиын өтті.

Кеңеске ауданның жергілікті атқарушы органдарының, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Жиында өңірге тән өзекті мәселелер, соның ішінде жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін азайту және қоғамдық тұрақтылықты сақтау шаралары талқыланды.

Кездесу қорытындысында қатысушыларға профилактикалық жұмыстарды күшейту, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру және тұрғындар арасында түсіндіру іс-шараларын жүйелі түрде жүргізу жөнінде нақты хаттамалық тапсырмалар берілді.

#заңментәртіп

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында заң үстемдігін және әділетті қоғамды қамтамасыз ету жолындағы жаңа қадамдар

admin

ТҮРКІСТАН: ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МЕЦЕНАТТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

admin

Жәнібек Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады

admin

Пікір жазу