Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

«Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысында ағымдағы жағдай және қалдықтарды басқару бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды.

Олардың ішінде қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту, энергетикалық тұрғыда кәдеге жарату, тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын жаңғырту, сондай-ақ энергия үнемдеу және экономиканың энергия тиімділігін арттыру салалары бар.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың баяндамасы тыңдалды:
🟦2025 жылдың қорытындысы бойынша коммуналдық қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу үлесі 30,7%-ды құрады. 2030 жылға қарай коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу 40%, өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу 50% болады деп күтілуде;
🟦өткен жылы анықталған 3 828 стихиялық қоқыс орнының 3 629-ы немесе 95%-ы жойылды. Ал осы жылдың бірінші жартысында бұл көрсеткіш 1 983-тен 585 болды;
🟦кәдеге жарату төлемі есебінен жеңілдетілген қаржыландыру шеңберінде 374 млрд теңгеге 68 жоба мақұлданып, оның 12-сі пайдалануға берілді;
🟦2 755 тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Ауылдық жерлерде алаң бөлу үшін жекелеген рұқсат беру рәсімдері мен экологиялық талаптар жеңілдетілді, жаңа нысандардлың құрылысы кәдеге жарату төлемінен түсетін қаражат есебінен қаржыландырылатын болады;
🟦«Экоқолдау» бағдарламасына 94 компания қосылған. 115 мың тоннадан астам қағаз, шыны, шина мен пластик қайта өңделді, төлем көлемі 3 млрд теңгені құрады. Бөлек-бөлек жинау тәсілін тұрғын үй секторы деңгейінде кеңейту жұмыстарына қоқыс шығаратын компанияларды, МИБ және ПИК-терді қосу пысықталуда.

Талқылауға «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығының директоры Бақыт Есекина, «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ басқарма төрағасы Айгүл Соловьева, «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ басқарма төрағасы Асхат Сүлейменов, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Сәкен Қалқаманов, «KazWaste» қалдықтарды басқару жөніндегі қазақстандық қауымдастығының атқарушы директоры Вера Мұстафина қатысты. Атап айтқанда, елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру сапасын, сондай-ақ олардың қоршаған ортаға әсерін бағалау үшін цифрлық құралдар мен ЖИ шешімдерін енгізу туралы ұсыныстар айтылды. Бұдан басқа, өңірлерге кеңес беру, заманауи технологияларды енгізу және үздік халықаралық тәжірибелерді кеңінен тарату үшін «жасыл» жобаларды сүйемелдеу бойынша үйлестіру жұмыстарын күшейту ұсынылды. Премьер-министр жүргізіліп жатқан жұмыстар өмір сүру сапасын арттыруға және қолайлы экожүйені қалыптастыруға ықпал ете отырып, тұрғындар үшін жайлы орындарды, жаңа тарту нүктелерін құруға тиіс екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы маңызды экологиялық міндеттердің бірі ретінде тұрмыстық қатты қалдықтарды басқару мәселесіне ерекше назар аударады. Қалдықтардың барлық түрлерін басқару жөнінде тұжырымдама бекітілді, тұрмыстық қатты қалдықтарға жаңа полигондар салу үшін қажетті нормативтік актілер қабылданды, саланы жеңілдікпен кредиттеу тетігі іске асырылуда. Рұқсат етілмеген полигондарды жою бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Дегенмен, шешімдерді қажет ететін бірқатар мәселелер бар»,
— деп атап өтті Олжас Бектенов.

Үкімет басшысының тапсырмалары:
🟦Экология және табиғи ресурстар министрлігі бір апта мерзімде тұрмыстық қатты қалдықтардың жаңа полигондарын салу тетігін жүзеге асыру жөніндегі қаулы жобасын Үкімет аппаратына енгізсін;
🟦 өңірлердің әкімдіктері рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою жөніндегі жұмысты күшейтсін. Премьер-министр ағымдағы жұмыстың әлсіз қарқынын атап өтті;
🟦қалдықтарды қайта өңдеу.

«Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде «Тұйық циклді экономика» тұжырымдамасы сәтті жүзеге асырылды, оның негізгі қағидаты – қалдықтардың пайда болуын болдырмау. Мәселен, Швецияда қоқыстың 1%-дан азы полигондарға түседі. Бұл ел тіпті көрші елдерден қалдықтарды импорттайды. Германияда тұрмыстық қалдықтардың 67%-дан астамы айналымға қайтарылады. Тізімді жалғастыруға болады. Қалдықтарды қайта өңдеу – міне бұл біз ұмтылатын меже. Алайда, қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы жобаларды жүзеге асыруды кешіктіріп жатқан фактілер бар. Осыған байланысты, Экология министрлігі бір апта мерзімде қалдықтарды қайта пайдалану саласындағы жобаларға тексеру жүргізсін және оларды іске асыру жөнінде нақты шешімдер енгізсін»,
— деп атап өтті Премьер-министр.

Ұқсас жаңалықтар

«Яркий пример подлинного патриотизма и высокой гражданской ответственности»: Президент о выборе народом Новой Конституции

admin

«Таза Қазақстан»: Демалыс орындарын таза ұстайық!

admin

68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане

admin

Пікір жазу