Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР КЕЗЕҢІНЕ ЖОЛ АШТЫ

Жаңа Конституция бойынша дауыс беру қорытындысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қолға алған реформаларға деген қоғамның жан-жақты қолдауын растағанын көрсетті. Бұл туралы «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңестің отырысында айтылды. Халқымыз жасаған тарихи таңдаудың мән-мазмұны жан-жақты айтылған жиынға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева, кеңес төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ғани Раймбеков, кеңес мүшелері, облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы басқармаларының жауапты өкілдері қатысты.

Жұмыс отырысының ашылуында сөз алған облыстық партия филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, жаңа Конституция заман талабына сай келетініне, сондай-ақ мемлекеттің орнықты және жан-жақты дамуын қамтамасыз ететініне назар аударды. Жалпыхалықтық референдумға қатысқан азаматтар терең ауызбіршілік пен нағыз отаншылдықтың үлгісін көрсеткенін атап өтті. Ауқымы мен мән-маңызы тұрғысынан ел тағдырына қатысты шешуші сәтте қазақстандықтар жаңару мен жаңғыруға дауыс беріп, мемлекеттілігімізді нығайтуға өз үлестерін қосқанын айтты.

«- Жаңа Конституцияның қабылдануын мемлекетіміздегі түбегейлі өзгерістердің бастамасы деп бағалауымызға толық негіз бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев азаматтардың таңдауымен қабылданған Ата заңымызға бүкіл халық атынан қол қойды. Сонымен қатар Конституцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы жария етілді. Жаңа Конституция мемлекетіміздің ұзақ мерзімді мақсат-мұратын айқындайтын, ұлтымыздың келешек тағдырына тікелей әсер ететін тарихи құжат деп бағаланды. Ата заңымыз – табанды ұжымдық еңбектің нәтижесі деп танылып, шын мәніндегі Халықтық Конституцияға айналды. Азаматтар білдірген таңдаумен қабылданған жаңа Ата заңымыз 1 шілдеден бастап ресми түрде өз күшіне енеді. Ал Конституция күнін мемлекеттік мереке ретінде ұлттық деңгейде жыл сайын 15 наурызда атап өтетін боламыз. «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының қоғамдық және саяси тірегі ретінде, жаңа Конституцияның әрбір бабы маңызды нормаға айналып, адамдардың игілігі жолында қызмет етуі үшін қоғамның барлық санатымен мақсатты жұмысын жалғастыратын болады. Азаматтардың сенімін артырып, конституциялық реформалардың нақты нәтижесін көруінде және мемлекеттегі оң өзгерістер халықтың тұрмыс сапасының жақсаруына ықпал етуінде өздеріңізбен бірге нәтижелі жұмыстар жүргіземіз деген сенімдемін», – деп атап өтті Алтынсары Дүйсенбекұлы.

Облыстық партия филиалы жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы Ғани Раймбеков жалпыұлттық референдумда халқымыз әділетті, прогрессивті, білім мен ғылымға, инновацияға негізделген болашақ үшін дауыс бергенін айтты. Мемлекет дамуындағы жаңа кезеңді бастап берген жаңа референдум, азаматтар Президент реформаларына зор сенім артып отырғанын көрсетті деп бағалады.

Жалпыхалықтық референдум қоғамдағы берекелі бірлік пен ырысты ынтымақты көрсеткенін облыстық партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева да атап өтті. Түркістан облысындағы 947 референдум учаскелерінің барлығында азаматтар белсенді дауыс бергенін, халық арасында қуатты отаншылдық рухы сезілгенін жеткізді. Облыс тұрғындарының белсенділігіне Мемлекет басшысы жоғары баға бергенін айта отырып, бұл Жалпыұлттық коалиция мүшелері жүргізген ауқымды түсіндіру жұмыстарының нәтижесі екенін баяндады.

Жиында қаралған мәселе бойынша сөз алған Өңірлік даму кеңсесінің Түркістан облысы бойынша менеджері, кеңес мүшесі Жандос Әзімбай жаңа Конституция саяси жүйені жаңғыртуға арналған құжат болуымен қатар, ол ең алдымен әрбір азаматтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты әлеуметтік бағдар екенін айтты. Ата заңда айқындалған әділеттілік қағидаттары, заң үстемдігі, меншік құқығының қорғалуы мен тең мүмкіндіктердің қамтамасыз етілуі азаматтардың табысын арттыруға берік негіз қалайды деген сарапшылық пікірін жеткізді. Осы мәселе жөнінде ойымен бөліскен облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Зуппархан Чалданов жаңа Конституция қоғамдық келісімді нығайтып, қазақстандық қоғамның ұлттық бірлігі сияқты асыл құндылықтардың сақталуына құқықтық негіз қалайтынын айтты.

Кеңес жұмысының күн тәртібіне сәйкес, мәжілісте «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын Түркістан облысында іске асыру жөніндегі Жол картасының азаматтардың табысын арттыру бағытындағы индикаторлық көрсеткіштердің орындалуы қаралды. Партия бекіткен жоспардың нақты орындалу көрсеткіштері бойынша Түркістан облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Қанат Шонбасовтың және Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Плаловтың хабарламалары тыңдалды.

Облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының өкілі берген мәліметке сәйкес, партия бекіткен жоспар шеңберінде, облыс тұрғындары үшін сапалы жұмыс орындарын құруда 2025 жылы 6 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп, тиісті жұмыстар атқарылған. Жыл қорытындысымен барлығы 12 инвестжоба жүзеге асып, 562 жұмыс орындары ашылған. Ал 2026 жылы бұл бағытта 8 жоба іске асырылып, 420 жұмыс орындары ашылады деген жоспар түзілген.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы партия бекіткен кешенді жоспар аясында 8 көрсеткіштің орындалуына жауапты екені айтылды. Хабарламада агроөнеркәсіп кешеніндегі өнім көлемін арттыру, су үнемдеу технологияларын енгізу, егістік құрылымын молайту салаларындағы жұмыстар баяндалды. Аграрлық секторды минералды тыңайтқыштармен және жеңілдетілген бағада жанар-жағармаймен қамту, жылыжай шаруашылықтарын жүргізу, ауыл шаруашылығы саласында ірі инвестициялық жобаларды іске асыру, «Ауыл аманаты» жобасының орындалуы сияқты маңызды салалардың жұмыс көрсеткіштері хабарланды.

Жиынды қорытындылаған кеңес мүшелері жаңа Конституция аясында жүзеге асырылып жатқан реформалардың нақты нәтижелері өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беріп отырғанын атап өтті. Әсіресе, азаматтардың табысын арттыруға бағытталған бастамалардың жүйелі түрде іске асырылуы – халықтың әл-ауқатын жақсартудың басты тетігі екені айтылды. Жол картасында белгіленген индикаторлардың сапалы әрі уақытылы орындалуы облыстық партия филиалының тұрақты назарында болады.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

АҒАШ ҰСТАСЫ БОЛСАҢЫЗ БЕРІ ҚАРАҢЫЗ Сіздерге арналған фестиваль

admin

ОТЫРАР: «САУТС ОЙЛ» ЖШС-НІҢ ҰЖЫМЫНА ЕҢБЕК КОДЕКСІНІҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

admin

Ұлттық мәдениет, салт-дәстүр — тәрбие бастауы

admin

Пікір жазу