Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

​ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЕЛІМІЗДІҢ ЖАҢҒЫРУЫНЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

 

Жаңа Конституция – еліміздің демократиялық дамуының жаңа кезеңін айқындаған, әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды тарихи құжат.
Ата Заңда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін нығайту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру және қоғамның дамуына халықтың қатысуын кеңейтуге бағытталған маңызды өзгерістер көрініс тапты.
Білім беру саласында да Конституцияда айқындалған қағидаттар сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз етуге, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, заңды құрметтеуге және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеуге негіз болады.
Бүгінгі ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру – еліміздің жарқын болашағына салынған инвестиция. Сондықтан Ата Заңның құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіру – білім беру ұйымдарының маңызды міндеттерінің бірі.
Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның берік іргетасы, ел болашағының сенімді кепілі!
#ЖаңаҚазақстан #Конституция

Ұқсас жаңалықтар

«Келешек мектептері»: оқушылар қабілетін дамытуға бағытталған ұлттық жоба

admin

Заң үстемдігі мен әділеттілік – қоғам тұрақтылығының кепілі

admin

Под председательством Президента Касым-Жомарта Токаева состоялось второе заседание Совета по развитию искусственного интеллекта

admin

Пікір жазу