Бүгін Түркістан қаласының мәдениет саласының өкілдері Конституция жобасын қабылдауға қатысты республикалық референдумға барып, өз азаматтық таңдауын жасады.
Маңызды саяси науқан аясында өнерпаздар сайлаушыларға ерекше көңіл-күй сыйлап, ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін өнер арқылы ән-жырдан шашу шашты. Ұлы көш керуенін Қыдыр Ата бастап, дауысын берді.
Референдумға келген көпшілік алдында Қыдыр Ата бата беріп, өнерпаздардың орындауындағы ән-жырлар елдің бірлігін, мәдени мұрасын және азаматтық сананы насихаттады.
#түркістан #референдум2026
