Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ҚоғамСаясат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ДАУЫС» БАЙҚАУШЫЛАР КОАЛИЦИЯСЫ 922 УЧАСКЕДЕ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУДЕ

Түркістан облысы бойынша «Дауыс» байқаушылар коалициясының жетекшісі Бақытжан Әшірбаев өңірдегі референдум барысына қатысты мәлімет берді.

Оның айтуынша, коалиция бақылаушылары референдум өтетін күні таңғы 05:45-тен бастап учаскелерге келіп, дауыс беру процесіне дайындық жұмыстарын бастаған.

– Коалиция құрамындағы барлық бақылаушылар арнайы оқудан өтіп, қажетті нұсқаулықтармен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта олар сайлау учаскелерінде бақылау жұмыстарын жүргізіп, референдум барысын қадағалап отыр, – деді Бақытжан Әшірбаев.

Айта кетейік, «Дауыс» байқаушылар коалициясының өкілдері Түркістан облысы бойынша 922 референдум учаскесін қамтып отыр. Бұл референдумның ашық әрі заң талаптарына сәйкес өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазіргі уақытта өңірде дауыс беру процесі қалыпты жағдайда жалғасып, бақылаушылар учаскелердегі жұмысты тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Түркістан облысының әкімін қабылдады

admin

В Шымкенте заблокированы 18 телеграм — каналов с рекламой наркотиков

admin

Реджеп Тайип Эрдоган прибыл в Казахстан с государственным визитом.

admin

Пікір жазу