Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында Сарыағаш ауданында «Жасыл аймақ» бастамасы шеңберінде ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілді. Шараның мақсаты – өңір аумағын көгалдандыру, экологиялық жағдайды жақсарту және тұрғындар мен жастар арасында табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру. Аталған шараға 100-ге жуық ерікті жастар мен белсенді тұрғындар қатысып, 200-ге жуық тал көшетін отырғызды. Қатысушылар аумақты абаттандыру жұмыстарына атсалысып, ағаш көшеттерін отырғызды.
«Бұл шара — қоршаған ортаны қорғауға және өңірдің жасыл желегін көбейтуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Сонымен қатар, мұндай шаралар жастарды қоғамдық жұмыстарға тартуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясындағы көгалдандыру және тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Бұл бастаманы облыстың белсенді жастары бірауыздан қолдайды» — деді облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Бектаев.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
#ТазаҚазақстан
