Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «IQANAT» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ІІ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

2026 жылдың 19-20 наурыз күндері Түркістан облысында ауыл мектептері оқушыларына арналған «IQANAT» олимпиадасының ІІ кезеңі өтті. Білім сайысы Түркістан қаласындағы БИЛ (Білім-инновация лицейі) базасында ұйымдастырылды.
Олимпиада екі күнге созылып, мазмұнды бағдарламамен ерекшеленді. Бірінші күні қатысушылар үшін Peer2Peer форматындағы сабақтар өткізілді. Бұл сабақтарда оқушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, түрлі пәндер бойынша білімдерін толықтырды. Мұндай әдіс оқушылардың еркін ойлауына, өз пікірін ашық жеткізуіне және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Ал екінші күні олимпиаданың ресми ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Салтанатты шара барысында «IQANAT» білім беру қорының директоры және қордың Түркістан облысы бойынша үйлестірушісі қатысушыларға сәттілік тілеп, білімнің маңыздылығы атап өтті. Осыдан кейін олимпиаданың ІІ кезеңі басталып, оқушылар түрлі пәндер бойынша білімдерін сынады. Қатысушылар логикалық тапсырмалар орындап, өздерінің дайындық деңгейін көрсетті.
«IQANAT» олимпиадасы – ауыл оқушыларына үлкен мүмкіндік беретін маңызды жоба. Бұл сайыс олардың білімге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, болашақта үлкен жетістіктерге жетуіне жол ашады.
Түркістан облысында өткен бұл кезең оқушылардың білімге деген ынтасын арттырып, олардың жаңа белестерді бағындыруына серпін берді.

Ұқсас жаңалықтар

САРЫАҒАШ: РЕСПУБЛИКА АУМАҒЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

admin

345 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқытылды

admin

Елордада Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр

admin

Пікір жазу