Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ПАРТИЯЛЫҚ ТІЗІМДЕРДІ ҰСЫНУ ЖАЛҒАСУДА: ОСК-ҒА «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ҚҰЖАТТАРЫН ҰСЫНДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына «Ауыл партиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінен Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсыну туралы құжаттар келіп түсті.
Орталық сайлау комиссиясы оларды заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарына сәйкестігін қарайды.
Құжаттарды ұсыну Конституциялық заңның 87-бабында көзделген ұсыну рәсімі шеңберінде жүзеге асырылады. Заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар партиялық тізімдерді ұсыну құқығына ие.
Қазіргі уақытта партиялық тізімдерді ұсыну кезеңі жалғасуда. Бекітілген Күнтізбелік жоспарға сәйкес ол 2026 жылдың 13 шілдесінде сағат 18:00-де аяқталады.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді

admin

Қазақстанда мемлекеттік органдардың басшылары мен әкімдерге арналған жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті

admin

Түркістан төрінде ұлттық өнер мен шынайы шеберлік тоғысты

admin

Пікір жазу