Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ РУХАНИЯТ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев мәдениет саласының өкілін қабылдады. Еркін пікір алмасып, ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
Қабылдауға келген азаматтар мәдениет, руханият саласын дамытуда маңызды бастамаларын жеткізіп, бірқатар жобаларымен таныстырды.
Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары Мемлекет басшысы мәдениет саласын әрдайым басты назарда ұстайтынын айтып, ұлт руханиятының бір бөлшегі саналатын мәдениет саласының жұмысын жандандыру, туындаған мәселелердің дер кезінде шешімін табу – ортақ міндет екенін жеткізді. Сонымен қатар барлық ұсыныстар жан-жақты зерделеніп, заңнама талаптарына сәйкес қаралатынын атап өтті.
Айта кетейік, Түркістан облысында тұрғындарды жеке қабылдау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Алдағы уақытта да азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау, оларды заң аясында шешу бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы әлем технологиялық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айтты

admin

Жұмысшы мамандықтар жылы – еңбекке құрмет пен ел дамуының кепілі

admin

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы (408 182 теңге) және Ұлытау облысында (353 036 теңге) белгіленді.

admin

Пікір жазу