Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

КЕЛЕСТЕ АШЫҚ ӘҢГІМЕ АЛАҢЫ ӨТТІ

Келес ауданында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы және Қазақстан халқы Ассамблеясының «Адал азамат» жобасы аясында тұрғындар мен жастар арасында ашық әңгіме алаңы өтті.
Іс-шара аудан әкімдігі аппаратының мәжіліс залында ұйымдастырылып, жиынды Келес ауданының әкімі Жәнібек Есенұлы Ағыбаев ашып, жүргізіп отырды.

Кездесуге Түркістан облысынан арнайы келген ақпараттық-насихаттық топ мүшелері қатысты. Атап айтқанда,
– Түркістан облыстық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Созақбай Исаұлы Әбдіқұлов,
– облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Ұласбекқызы Жанғазиева,
– облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Төлебекқызы Тоққұлова,
– Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Жансерік Бауыржанұлы Жұман қатысып, өз салалары бойынша мазмұнды баяндама жасады.

Жиынға зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, бөлім және мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, патриоттық сана мен азаматтық жауапкершілікті нығайту, және мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шараларын кеңінен түсіндіру болды.

Алғаш болып сөз алған Созақбай Әбдіқұлов қоғамда заң мен тәртіпті сақтау – тұрақтылық пен өркендеудің басты кепілі екенін атап өтті.
Одан кейін сөз алған Келес ауданының прокуроры Даулет Әділбеков жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан шараларға тоқталды.
Ал Келес аудандық білім бөлімінің бас маманы Насыр Сманов өз баяндамасында жас ұрпаққа адалдық, әділдік және еңбексүйгіштік құндылықтарын сіңірудің маңыздылығын айтты.

Кездесуді қорытындылаған Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева жастарды ел болашағына бейжай қарамайтын, парасатты, отаншыл және адал азамат болып қалыптасуға шақырды.

Іс-шара соңында қатысушылар еркін форматта пікір алмасып, өз ұсыныстарын ортаға салды.
Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев кездесуге қатысқан облыс қонақтарына және белсенді жастарға ризашылығын білдіріп, мұндай мазмұнды кездесулердің қоғамдағы бірлік пен жауапкершілікті арттыруға үлкен серпін беретінін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Официальный визит Президента Касым-Жомарта Токаева в Китайскую Народную Республику завершился

admin

Жұмысшы мамандықтар жылы: Түркістан облысында 100 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

admin

Қазақстанда дәрілік заттарды таңбалау қалай жұмыс істейді: өндірушіден сатып алушыға дейін

admin

Пікір жазу