Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындар арасында интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында азаматтарға интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдары түсіндіріліп, күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке мәліметтер мен банк картасының деректерін бөгде адамдарға бермеу жөнінде кеңестер айтылды.
Сонымен қатар, тұрғындарға интернет алаяқтарының арбауына түспеу үшін арнайы ақпараттық жадынамалар мен парақшалар таратылды.
Полиция қызметкерлері азаматтарды қырағы болуға және күмәнді жағдайлар туындаған кезде бірден құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырды.
#ЖетісайПолициясы
#ИнтернетАлаяқтық

Ұқсас жаңалықтар

Бизнес өкілдерінің ұсыныстары «Əділет» партиясының тау-кен металлургия кешенін дамыту жөніндегі бастамалар топтамасына енгізіледі

admin

Тазалық – ортақ міндет: аулаңызды таза ұстаңыз!

admin

️Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымға көрсетіліп жатқан жүйелі қолдау шараларына тоқталды

admin

Пікір жазу