Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

​Халықтың орташа атаулы ақшалай табысы 11,8% ұлғайды

2026 жылғы I тоқсанда Қазақстан Республикасындағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары айына 252 619 теңгені құрады және 2025 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 11,8% өсті. Осы кезеңнің тұтыну бағаларының индексін (11,7%) ескере отырып, халықтың ақшалай табыстары нақты мәнде 0,1% өсті.

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы (408 182 теңге) және Ұлытау облысында (353 036 теңге) белгіленді.
Өткен жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда өңірлер бөлінісінде атаулы ақшалай табыстардың ең үлкен өсімі Алматы облысында – 19,1% және Қарағанды облысында – 16,4% тіркелді.

Ұқсас жаңалықтар

МӘМС жарнасын төлемегендерге камералдық бақылау басталды

admin

Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы абаттандыру мен жайлы қоғамдық кеңістіктер құру мәселесіне ерекше назар аударды.

admin

200 новых проектов в обрабатывающем секторе, развитие фармотрасли и животноводства: госорганам поручено обеспечить своевременную реализацию проектов

admin

Пікір жазу