Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Елордада «Алтын шаңырақ» республикалық этносаралық айтысы өтті

23 сәуір күні елордада Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Алтын шаңырақ» атты республикалық этносаралық айтыс алғаш рет ұйымдастырылды.

Айтыс барысында сахна төрінде түрлі этнос өкілдері өнер көрсетіп, қазақ тілінде суырыпсалма өнердің көрігін қыздырды. Қатысушылар өзара сөз сайысында ел бірлігі, достық пен татулық, ұлттық құндылықтар тақырыптарын кеңінен қозғап, қазақ тілінің көркемдігі мен байлығын айқын көрсетті.

Ауқымды мәдени іс-шара этносаралық ынтымақтастықты нығайтып, ортақ құндылықтарды дәріптеуге бағытталды. Сонымен қатар, бұл бастама қоғамдағы бірлік пен келісімді одан әрі арттыруға өз үлесін қосты.

Ұқсас жаңалықтар

ДЕРБІСЕКТЕГІ ДАУ СОТТА ҚАРАЛУДА

admin

Хабарландыру

admin

Түркістан облысындағы «Қауіпсіз қоғам» жобасы

admin

Пікір жазу