Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының солисі Назым Сағынтай – 2025 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Бүгін ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ол өзінің шығармашылық жолы мен тәжірибесі туралы айтып, көпшілікке кеңінен танымал «Гауһартас» әнін акапелла орындады. Оның әсерлі өнер көрсетуі таланттың, табанды еңбектің және өз ісіне адалдықтың биік жетістіктерге жетелейтінінің жарқын көрінісі болды.

«Дарын» сыйлығы жыл сайын ғылым, мәдениет, спорт және қоғамдық қызмет салаларында жоғары жетістіктерге қол жеткізген жастарды қолдап, жаңа есімдердің танылуына жол ашады.

Биыл «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдау 17 маусым мен 17 қыркүйек аралығында жүргізіледі.

Ұқсас жаңалықтар

Қаржылық сауаттылықты арттыру – еліміздің тұрақты дамуы

admin

ТҮРКІСТАНДА ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 81 ЖЫЛДЫҒЫ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

admin

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, Қазақстанның түпкі мақсаты – тек ауыл шаруашылығын дамытып қоймай, елімізді агроөнеркәсіп өнімдерін терең өңдейтін өңірлік орталыққа айналдыру

admin

Пікір жазу