Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚАЛЫЙМА ЖАНТӨРЕЕВА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

«AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреева Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-да орналасқан №133 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
«Бүгін тарихи күн. Референдумға қатысу – әр азаматтың үлкен жауапкершілігін көрсететін маңызды қадам. Өйткені референдумда қабылданатын шешімдер елдің болашағына, қоғамның дамуына және мемлекет саясатының бағытына тікелей әсер етуі мүмкін. Сондықтан мұндай сәтте әр адам өз таңдауына саналы түрде қарап, ел тағдырына бейжай қарамауы керек. Референдумға қатысу – тек құқық қана емес, сонымен бірге азаматтық борыш. Әр азамат дауыс беру арқылы қоғамдағы маңызды өзгерістерге өз үлесін қосады. Егер халық белсенді болып, өз пікірін білдірсе, қабылданған шешімдер де халықтың еркіне негізделеді. Бұл демократиялық қоғамның дамуына ықпал етеді»-деді ол.
Аталған учаскеде таңғы уақыттан бастап тұрғындардың белсенділігі жоғары. Дауыс беруге 18 жасқа жаңадан толған жас сайлаушылардан бастап, аға буын өкілдері мен зейнеткерлер де қатысып, елдің қоғамдық-саяси өміріне бей-жай қарамайтындарын көрсетуде. Айта кетейік, Түркістан қаласы бойынша республикалық референдум өткізу үшін 65 дауыс беру учаскесі ұйымдастырылған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзиді қабылдады.

admin

Глава государства принял председателя Японской парламентской лиги дружбы с Казахстаном Ясутоши Нишимуру

admin

Инновациялық Наурыз: робот-көкпар, дрондар және цифрлық жобалар мерекеге жаңа сипат берді

admin

Пікір жазу