Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ҚоғамСаясат

РЕФЕРЕНДУМ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ НҰРАЛЫ ӘБІШОВ ДАУЫС БЕРДІ

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Ол Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орналасқан 133 референдум учаскесінде дауыс берді.

Нұралы Әбішов ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысу әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті.

Референдум – ел дамуының болашақ бағытын айқындайтын маңызды кезең. Сондықтан әрбір азамат өз таңдауын жасап, ел тағдырына бейжай қарамауы тиіс. Бүгін учаскелердегі тұрғындардың белсенділігі халықтың мемлекет болашағына деген сенімін көрсетеді, – деді ол.

Айта кетейік, Түркістан облысында 15 наурыз күні таңғы сағат 07:00-ден бастап 947 референдум учаскесі жұмысын бастады. Өңірде 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие.

Қазіргі уақытта облыс бойынша дауыс беру процесі қалыпты жағдайда өтіп, тұрғындар референдумға белсенді қатысуда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Словения президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

admin

КӨКПАРШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМДА ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

admin

Цифрлық қауіпсіздік – заман талабы​

admin

Пікір жазу