Республика күні қарсаңында Түркістан облысында 2026 жылғы 17 қазаннан 27 қазанға дейін«Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді. Бұл күні тұтынушыларға түрлі тауарлардың кең таңдауы төмендетілген бағамен ұсынылатын болады.
Мерекелік ұсыныстар 21–27 қазан аралығына жоспарланған. Дәл осы күндері акциялардың негізгі бөлігі, арнайы бағалық ұсыныстар мен мерекелік жеңілдіктер болады. Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тиімді шарттармен сатып ала алады. Жалпыреспубликалық науқанның бастамашылары — Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар.
Акцияларды өткізу ұлттық мерекеге орайластырылған және халық үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.
Түркістан облысында «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына қатысатын сауда нысандарының толық тізімімен және олардың мекенжайларымен төменде танысуға болады.
«Republic Day» акциясы;
1. «Karavan saray» СОО
Түркістан қ, Б.Саттарханов, 14;
2. «Khanshaiym Plaza» СОО Түркістан қ., Б.Саттарханов, 33А;
3. «Turan mall» СОО
Түркістан қ., Жаңа қала ш/а, Шымкент тас жолы, 9;
4. «Түркістан Плаза» СҮ
Түркістан қ., Жолбарыс хан, 1/5;
5. «Керуен сарай» СҮ
Түркістан қ., Тәуке хан, 243;
6. «Инара» СҮ
Түркістан қ., Тауке хан даңғылы;
7. «Қазына» СҮ
Түркістан қ., Қызылорда трассасы;
8. «Әссалям» СҮ, Тәуке хан даңғылы;
9. «Дастархан» СҮ
Түркістан қ., Б.Саттарханов, 16;
10. «Юг сити» СҮ
Түркістан қ., Тәуке хан, 188;
«Bereke Fest» акциясы:
1. «Магнум» СҮ
Түркістан қ., Б.Саттарханов 33А;
2. «Halyk» СҮ
Түркістан қ., Батырбеков, 6;
3. «Дастархан» супермаркеті,
Түркістан қ., Б.Саттарханов, 16;
4. «Бәйтерек» супермаркеті,
Түркістан қ., Тәуке хан, 334;
5. «Молшылық» супермаркеті
Түркістан қ., Отырар ш/а, 26;
6. «Шұғыла» супермаркеті
Түркістан қ., С.Ерубаев, 63;
7. «City +» супермаркеті
Түркістан қ., 32-көше, 19;
8. «Аль-Кәусар» супермаркеті,
Түркістан қ., Ерубаев, 293;
9. «Қанағат» супермаркеті,
Түркістан қ., Жүйнек, 25;
10. «Ырыс» супермаркеті,
Түркістан қ., Жаңа қала ш/а, 18;
